М Бурабаев, Светлана Қайназарова. Тамыр мен жапырақ

Мақала 1916 жылғы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының 90 жылдығына арналған.

Алашорда зиялыларының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске және Ресейдегі революцияларға көзқарастары мен саяси көрегендіктері

1919 жылы Мустафа Ататүрк (1881-1938) айтқан екен: ұлы дүрбелеңдер – тарихта болған революциялар, адамдардың, бүкіл халықтың санасында терең із қалдырады, ұлы өзгерістерге жол салады. Мұндай дүрбелеңдер Ресей империясының отарлы аймақтарында, оның ішінде қазақ даласында да болып жатты.
Бірінші орыс революциясынан кейін түрік халықтары арасында – Қырымда, Еділ бойында, Кавказда патшалық Ресейге қарсы ұйымдар құрыла бастады. Зиялылар рухани жұмыстарын ұлғайтты. Исмаил Гаспринскийдің (1851-1913) пікірі бойынша «жаңаша оқу», «жаңаша ой ойлау» керек, түрік халықтарының бір тілде сөйлеп, ұйымдасқан қауымға шақырады. Джадидизм идеялары Жетісуға, Алтайға, Сарыарқаға, Сыр бойына, Бұхара, Хива, Ферғана қыпшақтарына тез жетті. Алаш Орда зиялылары жаңаша оқып, газет-журналдар шығара бастады. Міне сондықтан Ленин «Джадидизм – враг большевизма» деп оларға қарсы шықты.


Қазақтар XXғасырдың басында үлкен күйзеліске ұшырады, оларға жан жақтан жанашырлар да табылды. Соның бірі, түрік халқының ұлы ұлдарының бірі Исмаил Гаспринский еді. Ол кісі Красноводск – Ташкент темір жолмен екі рет келіп, қазақ ауылдарын көп аралады. Жетісуға, Алтайға, Сары арқаға, Орынборға, Семейге өзінің сенімді кісілерін жіберді. Олар ел арасында болып, балаларды, газет-журнал шығарушы қазақтарды жаңаша «джадитше» оқып, үйренуге көмектесті. Исмаилдың түріктерді ғылымға, бірлікке шақырған даусы шығыс Түркістанға, Үндістанға жетті. 1911-1913 жж. Верный және басқа қалалардағы мұсылман зиялыларымен, жергілікті ұйымдар ашу туралы хат-хабар алмасып тұрды. Сол кісі қазақ бауырларына арнап 1909 ж. хат жазды, олардың тарихи, саяси санасын қалыптастыруға үлес қосты. Бұл хатты, Міржақып Дулатов «Оян қазақ» деген кітапшасына қосып жариялады.
Ұлы қазақ зиялылары: Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхаметжан тағы басқалары саяси күрес жолына түсуге бел байлады. Оларды қолдаған азаматтар көбейді. М. Бекметовтың, орыс әрпімен қазақ тілінде жазған, көтеріліске шақырған өлеңдері «Қазақ жұмысшыларының марсельезасы» жазба түрде және телеграфпен таратылды. Өздерінің жалынды сөздерімен, халықты патша үкіметіне қарсы көтерілуге әулиелеріміз К. Тоғусов, С. Кубеев, Н. Иралин, С. Сералин, О. Дощанов және басқаларының орны өте ерекше. Осындай жағдайда Дала (Степной) генерал-губернаторы Қазақ еліне полициялық, тыңшылық әрекеттерін күшейтеді, по которому воспрещалось «оглашение или публичное распространение каких-либо статей или иных сообщений, возбуждающих враждебное отношение к правительству… распространять произведения печати подвергнутые аресту» (см: Рабочее и аграрное движение в Казахстане в 1907-1914 годах. С. 175-176, 289).
Әр жеке адамға, кітап дүкендерінде, қоймаларда, кітапханаларда, патша үкіметіне қарсы шыққан кітаптар, қолжазбалар, листовкалар, газет сақтауға, сатуға, таратуға тыйым салынады. Бұл қаулыны орындамағандарға үлкен ақшалай айыппұл салынды, абақтыға жабылды немесе Шығыс Сібірге жер аударылды. Бұлардың ішінде жүздеген қазақтар болды. Патшаның қанды, жан түршігерлік саясатына қазақ халқының наразылығы жалғаса берді. «Многие случаи в достаточной степени характеризуют постепенно возрастающую наглость, – писал в 1908 г. Степной генерал-губернатор, — упорство и сплоченность действий киргизской (казахской) массы и с несомненностью указывают на происходящее в ее среде противоправительственное движение» (См: ЦГА КазССР. Ф. 369. ОП. 1. Д. 959. Л. 2).
Омбы жандармерия бөлімшесінің бастығы 1911 ж. Ақмола облысының губернаторына «Иртыш» және «Омский Вестник» газеттерін қазақ зиялылары ұлттық үгіт насихат жүргізу үшін пайдаланғандарын айтты. Ол былай деп жазды: «киргиздардың саяси қайраткерлері, « — «ввиду невозможности путем печати вести свою пропаганду…, решили временами печатать подпольно и выпускать в народ прокламации, что действительно и было сделано». В связи с этим он просил губернатора о закрытии и типографии, и газеты» (Рабочее и аграрное движение в Казахстане в 1907-1914 годах. С. 328).
Қазақ арасында, тың тыңдаушы бөлімінің Верный қаласындағы бастығы 1910 ж. Жетісу губернаторына былай деп хабарлады: что «нелегальная мусульманская» — «пантюркская» литература… в области имеется, но каким путем попадет она в область, установить пока не представилось возможным» (Рабочее аграрное движение в Казахстане в 1907-1914 гг. С. 293). По сохранившимся данным, в 1911 г. В Верном действовала мусульманская (куда входили казахи, татары, уйгуры, дунгане) общины. Они изучали поступавшие из Крыма (произведения Исмаила Гаспринксого), книги брошюры, газеты изданные в Повольже (Казань), Восточном Туркестане и др.
Патша үкіметі, қазақтардың тұратын (көшіп жүретін) жерлерінің мөлшерін (қараңыз көп миллиондаған) ескере отырып, олардың қай көрші елдермен жақсы тұратынын, қандай рухани тәрбие алатынын, олардың ішінде Петерборға қарсы идеялар таратушылар кім деп байбалам салды. Они «ведут усиленную агитацию», убеждают диких киргизов в том, деп жазды патша сақшылары, что «всеобщее спасение может наступить только в случае пробуждения в сознании народа идеи о необходимости всеобщей борьбы против самодержавия». Дала генерал-губернаторының қағаздарында былай делінген: «среди мусульманского населения (также) идет распространение антимонархических идей и подготовка лиц к политической деятельности» (См: ГАОО. Ф. 270. Д. 393. Л. 41-42, 17).
Мамандардың айтуы бойынша, бірінші орыс революциясы кезінде, патшалық цензура уақытша тоқталғанда, 400-ге жақын газет және журналдар шығып тұрды, олардың 4/1 бөлігі Ресейдің түрік халықтарының тілінде мыңдаған данамен басылды, таратылды. Патша сарайындағылар, қазақтардың саяси санасының өзгеруінен қорқып, оларды күрес жолдарынан тайдырып, өздерінің үгіт-насихат жұмысын күшейтудің жолын іздестірді. Қазақтардан шыққан зиялыларды, әулиелерді, батырларды, ру басыларын, өз айтқанына көндіргісі келді. Осы жағдайда, Петерборда қазақ, Орта Азия халықтарының саяси, ақыл-ой пікірін зерттеп мынадай тұжырым жасайды: «Можно безошибочно сказать, что возбужденное состояние русских и мусулман есть прямое последствие всех последних событий… К счастью, пока имеется возможность направить это пробуждение в пользу русского государства… Это возможно достигнуть только путем печати на различных местных языках… По нашему глубокому убеждению и многолетнему опыту, исключительно только печать может помочь делу, но непременным условием продолжать такую работу беспрерывно до видимых результатов. Надо иметь в виду мировоззрение мусульман и помнить, чтобы заслужить их доверие и привлечь на свою сторону, необходимо упорно работать долгое время» (См: ООГА. Ф. 21. Оп. 2. Д. 618. С. 166, 169).
Міне, сондықтан 1913 ж. қазақ зиялыларына «Қазақ» газетін (Орынборда) шығаруға рұқсат етті, М. Сералин «Айқап» (Тройцкіде) журналын бастырды. Қазақстанда, Петерборда, Казанда, Уфада, Орынборда басылған кітаптар, журналдар, газеттер тарады. Олардың біразы әдеби түрк-татар тілінде (Шағатай – Қыпшақ диалекті) шықты. Ол газеттер: «Дин вэ Магишат» («Религия и жизнь»), «Уақыт» («Время»), «Орал» және басқалар. Бірінші дүниежүзілік соғыс алдында, патша сарапшыларының (тыңшыларының) айтуынша «ашық панисламистік», «пантүркістік» газеттер «Азия», «Туджар», «Шухрад» (Ташкентте қыпшақтар шығарды). Бұдан басқа «панктюркістік» әдебиет Қазақстанға, Орта Азияға, Түркиядан, Афганистаннан, Персиядан, Бухарадан, Крымнан, («Тарджиман» шығарушы Исмаил Гаспринский). Толық емес мәліметтерге қарағанда, тек қана 1910 ж. «мұсұлмандық» (патша үкіметінің пікірінше) ұлттық немесе пантүркістік әдебиет Ресейде қазақ, татар, өзбек, араб, парсы және басқа да тілдерде, сегіз типографияда басылды, олардың бесеуі Қазанда, үшеуі батыс қазақтарының орталығы Орынборда шықты. Кітаптардың бір жылдық тарауы (тиражы) бірнеше жүздеген мыңға жетті. Ондаған мың дана болып күнделікті газет, апталық журналдар (30-дай атпен) шығып тұрды. (Қараңыз: Нафигов Р.И. «Формирование и развитие передовой татарской общественно-политической мысли» С. 323-325, 328).
Бұдан 25 жыл бұрын біз былай деп жазыппыз: до недавнего времени многие полагали, что литература, называвшаяся «мусульманской», была непременно вся религиозной. Это неверно: «мусульманской» она называлась лишь потому, что печаталась на языках мусульманских народов, арабским шрифтом. Среди этой многотысячной литературы были социал-демократические, марксистские издания (Қараңыз: Бурабаев М.С. Становление социалистического сознания в Казахстане. Алма-Ата: Наука, 1981.С.249. Ответ. Редактор член-корр. АН КазССР Н.Д. Джандильдин).
Бұл басылымдар қазақ зиялыларына, әулиелеріне жетті, оны оқыды, зерделеді, керегін алды, халық арасында үгіттеді, олардың саяси санасын оятты, ой-өрісін кеңейтті. Сөйтіп 1916 жылы қазақтар қолына найза алып, қылыш ұстап жауға шапты.
Біздің әулиелеріміз халықты оятты, оларды шығыстағы, солтүстіктегі, батыстағы мағлұмдарға (Бекасыл әулиенің сөзі) көтерілуге шақырды. Ресей бірінші дүниежүзілік соғысқа кіріп кетті. Жеңіле бастады. Қазақтарға қару-жарақ беруден қорқып, соғыс жүргізу тәсілін үйретпей, қара жұмысқа (окоп қазу, тағы тағылар) майданға, зорлықпен 400 мыңдай жігіттерді шақырды. Ауылда қалған боздақтар бірнеше ғана оғы бар мылтығымен, зеңбірегі, оның үстіне оқты қарша борататын «Максим» пулеметіне қарсы шықты. Патша үкіметі әбден састы. Қазақ көтерілісшілерін басу үшін екі жүз мың әскерді батыс майданынан алдырды.
1916 жылғы Торғай көтерілісі көп жеңістерге жетті, 1917 жылда келді. Зиялыларымыздың көбісі қуғын-сүргінде (түрмеде) болды. Әлихаи Бөкейхан майдан шебіне барып, қазақтарды қалай аман сау қалдырып, елге қайтару үшін көп еңбек сіңірді. Торғайлықтар батырлықпен патша әскерлерімен күресіп жатқанда, олардың арасында, империялық және большевиктердің саясатының айласымен, ру руға (қыпшақтарға, арғындарға) бөліне бастады. Олар өздеріне аттары белгілі зиялыларды басшылыққа шақырды.
Қыпшақтар Мустафа Шоқай келеді деп үміттенді. Ол кісі империялық саясатты жақсы білген, сондықтан соғысып жатқан бауырларына бара ал-мады. 1914-1916 жылдары «Айқап», «Қазақ» беттерінен біріне-бірі қарсы көптеген мақалалар шығып жатты. Патша әскерімен күресеміз бе, әлде қоямыз ба? Зиялыларымыздың арасында бір тиянақты пікір болмады. Қан төгіп жатқан сарбаздар налыды, не істерін білмеді. Мұны бұрынғы патша генералдарды Деникин, Колчак, ал ақпан төңкерісінен кейін большевиктер пайдаланып кетті (Толығырақ, қараңыздар: Мұстафа Шоқай екі томдық, шығармалары. Алматы, І 998, 1999).
Торғай көтерілісі патша әскерлерінің қарсылығына қарамай, Жетісуға ауысты. Бекболат бастаған Дулат, Албан, Суан, Қырғыз ағайындар, Красноводск -Ташкент темір жолымен және Сібірден келген орыс әскерлерінің ойранын шығарды. Дегенмен ел зеңбірекке, пулеметке төтеп бере алмады. Бекболат батыр Боралдайда дарға асылды. Тірі қалған сарбаздар, орыс әскерлерімен қан төгіп шайқаса отырып Шу, Ыстық көл бойын жағалап Қытайға өтетін асуларға тартты. Қазақ көтерілісшілеріне дұнғандар (мұсылмандар ғой), XIX ғасырдағы Шығыс Түркістандағыдай қару-жарақ пен оқ-дәрісімен азық-түлігімен көмектесті, өздері де соғысқа қатысты. Қазақтар асудан аса бергенде, Петербордан, Ташкенттен алдын ала келісім бойынша, телеграф арқылы Қытай императорының жарлығымен, Ұлы көршіміз, көтерілісшілердің алдын көптеген әскерімен жолын бөгеді. Бұл кезде қалың қар жауып, биік асулар мұз астында қалды. Мыңдаған көтерілісші қазақтар мал-жанымен, алға жылжи алмай, кейін қайта алмай бәрі дерлік қайтыс болды. Ташкенттен орыс әскерлері генерал-губернатордың бұйрығымен, қазақтарға болыстың деп Ыстық көл маңыңда, Шу бойында мекендеген дұнған бауырларымызды, бала-шағасымен қырып тастады. Тірі қалғандары Сібірге жер аударылды.
Жетісудағы Бекболат қимылы 1918 ж. Қарқара-Албан көтерілісімен жалғасты. Осы көтеріліс туралы өте тамаша кітап жазған Сейдәлім Нысанбайұлы Тәнекеев ағамыздың пікіріне, ғылыми тұжырымдарына біз қосыламыз. Елінің намысын жыртып, елдігін, жерін қорғап, басын өлімге байлаған бүкіл халықтың көтерілісін тарихшылар «ұлт-азаттық көтеріліс» деген атпен сипаттап жүр ғой. Әлем тарихында отаршыларға, басқыншыларға қарсы әрқилы ұлт-азаттық көтерілістің аз болмағанын көреміз. Азаттығы үшін күресіп жүріп жойылып кеткен халықтар да жоқ емес. Бостандық күресі жолында тартқан азабы басынан асқан халықтар да баршылық. Солардың бірі – қазақ халқы. Ұлт-азаттық көтеріліс — әділетсіздікке, басқыншылыққа, қанау, тонау, алдау, елді ішінен іріту сияқты арам әрекеттерге қарсы халықтың қарулы күресі. Қазақтың жерін басып кірген отарлаушы ата жауына қарсы көтеріліс – ерен құбылыс, иманды күрес болды. (Қараңыз: Тәнекеев С.Н. 1916 жылғы Қарқара-Албан көтерілісі. Алматы: Экономика, 2002. 3-12 бб).
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі — нағыз елдігі мен ерлігі, қияметі мен қиындығы мол, басқа амалдың жолы да, жөні де, барар жері де, басар тауы да қалмаған соң, тәуекелге бел байлап, лап ете түскен құдіретті де күйініштілігі де мол тірлік еді.
«Мың өліп, мың тірілген» деген аталы сөзде қанша ерен ерлік, қасырет пен қайғы жатыр?!
Сорақы, өктем отарлаушы күштің салмағы жанына әбден батып, қабыр-ғасы қайысқан қазақ халқының 1916 жылғы көтерілісі нағыз әділет, шынайы ерлік күрес болды. Оның тарихи рөлі, көз ұшы биікте, шыңырау тереңде жатыр.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс бір өңірде болған (регионалдық) ереуіл емес, қазақтың кең-байтақ жерін түгел қамтыған, бүкілұлттық кө-теріліс болды. Сол себепті, қазақ халқының тағдыры мен тарихында бұл көтерілістің жөні де, жолы да, маңызы да ерекше-ақ. Бұл «қазақтың бесігіндегі баласының көзіне де елестегендей халық елдігін жойып бара жатқан» қаралы кезеңнің туындысы еді. (Мұхтар Әуезов).
Патша үкіметінің сиқырлы «бөлшекте де билігіңді жүргіз» деп аталған отарлау саясатының салдарынан, қазақ сияқты «бұратана» атанған қырғыз, өзбек, сақа, башқұрт елдерінің бәрі күзде қурай бастаған шөптің басындай бозарып, егемендігінен жұрдай болып, құруға айналған заман туған еді. Құрығын алысқа серпіген отарлау саясаты Ұлы даланың бірлігін ыдыратып, қалың елді сүліктей сора түсті.
Қорыта айтсақ, халқымыздың 1916-1917 жж. қантөгіс көтерілісінде жүздеген мың кісі апат болды, бүкіл 6-7 млн. ел зор күйзеліске ұшырады. Бірақ қазақтардың бұл ұлы дүрбелеңі Ресейдегі монархиялық құрылымның қирауына және ұлттар азаттығына қарсы шыққан Керенский басқарған буржуазиялық өкіметтің күйреуіне үлкен, саяси, тарихи, әсер етті.
Кеңестік идеология ұлт-азаттық көтерілісті «тап күресінің бір көрінісі ғана» деген теорияға жүгіндіріп, тарихты сол тұжырымға бас идіріп келгені белгілі. Ұлт-азаттық шаруалар көтерілісінің бір түрі деген қағидаларға бағынған тарих, сол «сара» жолдан шыға алмай келді. Тіпті, осы тұрғыдан қарағанда да, 1916 жылғы ереуіл шын мағынасында әділ де адал халық көтерілісі еді.
Осы «теорияның» түп тамырында отаршылардың аз ұлттарға жасаған басқыншылығы мен опасыздығын ақтауға бағышталған империялық саясаттың шұбалаңқы ізі мен рухы жатыр. Кеңестер Одағы тұсында мынадай тағы бір «теория» бой көтерді.
Егер, Ресей Орта Азиядағы аз ұлттарды (басып) алмаса, бәрібір бұл өңірді басқа мемлекет (Қытай, Жапония не Ағылшын импералистері) басып алар еді. Сондықтан, тағдыры қараң елдің жері, әйтеуір, біреудің «тақымында» кететін болған соң, Қазақтың жерін Ресей қосып алғаны тарихи табыс, әділеттік еді, бұл қазаққа бақыт әкелді деген пікір қалыптасты да, сол тұжырым саясатқа тірек, тілге тиек болды.
Аз ұлттарды билеп-төстеу саясатын жүзеге асыруда Ресей үкіметі аждаһадай асықпай қимылдап, арсыз алдау мен қатыгез күшті қатар пайдаланып, ішке кірген құрт ауруындай жүйкесін жеп, бір жағынан орынсыз ұрынбай, екінші жағынан бас көтергендерін қырып-жойып келгені тарихқа аян жай.
Осы қалыптасқан ежелгі «бөліп ал да, билей бер!» (разделяй и властвуй!) саясаты қазақ жерінде бір емес, бірнеше ғасыр бойы түп желісінен шығарылмай жүзеге асырылып отырған еді. Қазақтарды ру-руға бөле түсіп, ру таласын, барымта дауларын күшейтіп, елді бөліп, бірін-біріне айдап салу саясатын патша жендеттері өте білгірлікпен жүзеге асырып келгенін мойындауға тура келеді.
Патша үкіметі Қазақстанды өлке, облыс, уезге бөліп, қазақты биліктен аластап, рулардың дау-дамайы бола қалса, қағазға түсіріп тұруды талап етіп, ондай ұзын сөрелі хабарды жазып берген адамдарға 2 мың сомға дейін күміс ақша төлеп, халықты арандату саясатын үдете түсу үшін пұлды да аяған жоқ. Осы жайды исі қазақ терең түсінуіміз керек. Өйткені, бұл апаты мол саясат әлі қаупін де, күшін де жойған жоқ.
Антұрған ұғым – рушылдықты өрбітіп жүрген адамдардың ұлты қазақ боп жазылғанымен, заты қазақ емес, олар қазақтың қас жауы екенін түсінетін уақытымыз жеткен жоқ па!

Бірлігі болмаса – ел жетім,
Басшысы болмаса – ер жетім,
Ағуы болмаса – су жетім,
Бағуы болмаса – мал жетім!

деген, өсиетке ел болып жүгініп, жұрт болып ақыл тоқтататын заман туды.
Отаршылар қазақтың ру-руға бөлінетін әдетін әбден пайдаланды ғой! Қашанға шейін арамзалардың сөзіне еріп, жем болмақпыз! (Қараңыз: бұл да аталған кітапта).
Енді келесі бір мәселеге көшеміз: ол XX ғасырдың басындағы ұлы бабаларымыздың Ресейдегі өзгерістерге – революцияларға көзқарастары және олардың саяси көрегендік туралы айтқандары.
Алдын ала “көрегендік” деген не, қандай ұғым? Совет заманында жарық көрген сан-қыйлы баслымдарға қарасаң: “Көрегендік. Бұл міндеттерді дер кезінде күн тәртібіне қойып отыру – совет басшыларынан партиялық көрегенділікті, жан-жақты дайындықты қажет етеді (Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған А.Ысқақов. Алматы, 1980, 198 б.).
Өткен әдебиеттерді зертесек “көрегендік” мәселесіне марксистер көп көңіл бөлген екен. Оларды топтастырсақ төменгідегідей деректер аламыз. Предвидение научное, обоснованные предположения о будущем состоянии явлений природы и общества или о явлениях, неизвестных в настоящий момент, но поддающихся выявлению (напр., залежи полезных ископаемых). Разделяется на научное, обыденное (по нар. приметам) и интуитивное. От подлинного предвидение отличается религ. (мистическое) предвидение в виде прорицаний, пророчеств. “откровений”, а также различных гаданий.
… Предвидение вид интеллектуальной деятельности человека, размышление о будущем на основе личного опыта; прогнозирование – спец.науч. исследование перспектив какого-либо явления, собственно научно. Предвидение – вывод из законов развития природы и общества, открытых наукой; предсказание – локализованное во времени конкретное предвидение..
Отд.элементы науч. предвидение существовавшие еще в древнем мире ( напр., предсказание Фалесом солнечного затмения в 585 до н.э.), в 15 – 17 вв. одновременно с развитием совр. науки начали складываеться в систему. Этот процесс особенно ускорился к сер.19 в., с к-рого обычно датируют начало истории собственно научного предвидения в обществ. науках, связанного с возникновением марксизма.
В бурж. обществе предвидение осложняется противоречиями капиталистич. способа произ-ва, что приводят к концепциям, в принципе отрицающим возможность научного предвидения, особенно обществ. явлений (Поппер и др).
В трудах Маркса, Энгельса, Ленина заложены общеметодологич. основы науч. предвидения в социальной сфере. Они развиты в теории и практике социалистич. и коммунистич. строительства, в программных документах КПСС и др. братских компартий. Как один из важнейших инструментов управления социальными процессами при социализме, марксистско-ленинское предвидение опирается на законы обществ. развития, на изучение реальных тенденций историч. процесса. (Философский энциклопедический словарь. М. 1983. С. 524).
Совет дәуірінде, саяси көрегендікке арналып жүздеген кандидаттық, докторлық диссертациялар қорғалыпты. Ерекше данышпандық – саяси көрегендік, марксистердің ойлауынша, тек оларға ғана тән ақыл-ойдың парасаты екен. Бірақ, марксист-лениншілердің тапсыз қоғам-социализм, ал келешекте коммунизм орнатамыз деп айтқан көрегендіктерінің біреуі де орындалмады. Олар армандаған дүниежүзілік пролетарлық революцияда болмады.
Ал қазақтардың арасында талай көрегендер болған. Оларды халық, қарапайым адамдардың қолынан келмейтін істерді жасайды, ақыл-ой салады деген. Ақпан айында, Астанада Бекасыл (1822-1915) әулиенің “Жұлдызнама” еңбегіне арналған ғылыми конференцияда бұл мәселеге көп көңіл бөлінді.(Қараңыз: Егемен Қазақстан 10 ақпан 2006ж.). Әулие көпті көрген, білгір, адал, көреген, алдағыны болжағыш адам. Ол – елді, жұртты, халықтарды татулыққа шақырды.
Жүз жасаған Бекасыл бабамыз адамзат тарихынан көптеген мәліметтерді қорытындылап, төңірегендігі елге, талай көрегендік сөздер айтты. ХХ ғасырдың басында болып жатқан дүрбелеңдерді көріп былай деді: “Зұлмат заман келе жатыр, құл-құтан көтеріліп, ылғи жалаңаяқтар ел басқарып, қаныңды судай шашады. “Жылан тақыр” боласыңдар. Көмусіз адам көбейеді. Аспан жол болады. Бір үй орыс, бір үй қазақ болып отырасыңдар. Олар жерлеріңді тартып алады. Имандылық азаяды. Өнеге тозады, қасиет азаяды. Жастар ит ішпейтін сусынға құмар болады. Бірақ осының бәріне ертелі-кеш Алланың бір тиымы болады”, деген. (Бекасыл әулие. Жұлдызнама. Астана, 2005. 5 бет).
Данышпан бабамыздың бұдан жүз жыл бұрын айтқаны айнымай келді. Ол кісі болжаған өмірді қазақтар басынан кешті, көзімен көрді. Бекасыл халықты бірауыздылыққа, бірлікке шақырды, бостандық үшін күресу керек деп дұға оқыды. Айта кетелік, Бекасыл Биболатұлының “Жұлдызнама” кітабы діни еңбек емес, ол ғылыми-философиялық шығарма. Әулие ғылыми тұрғыдан ислам дініне, Құранға өз тұрғысынан пікірін айтады – ол көптеген ғалымдардың еңбектерін жақсы білген. “Жұлдызнамада” толып жатқан ғылыми-философиялық деректер, өсиет-дұғалар бар.
Қазақтардың арасында көптеген көреген данышпандар болған. Алысқа бармай XX ғасырдың басында айтылған бірнеше салыстырмалы мысалдар келтірейік. Қазіргі өткен тарихты білмейтін саясаттанушылар, АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Генри Киссинджер, Совет империясының және оның ықпалында келе жатқан мемлекеттерде социализм күйрейді, ол елдер жаңа демократиялық жолға түседі деп мыңдаған мақалалар, жүздеген кітаптар шығарды.
Ал Киссинджердің ғылыми еңбектерін, сөйлеген сөздерін жан-жақты зерттесек, ол кісі саяси көрегендік айта алмаған. Оның айтқандары Совет империясы күйрегеннен кейін топшылаған ойлары: “Какой-то момент, пишет он, – в начале 80-х, казалось, что коммунизм набрал темп и вот — вот сметет все на своем пути; и почти немедленно, в отмеренное историей время, коммунизм приступит к саморазрушению. В пределах десятилетия прекратила свое существование орбита восточноевропейских сателлитов, а советская империя распалась на части, теряя почти все русские приобретения со времен Петра Великого. Ни одна мировая держава не рассыпалась до такой степени полностью и так быстро, не проиграв войны.
…Михаил Горбачев, седьмой по счету высший советский руководитель начиная от Ленина, вырос в Советском Союзе, обладавшем беспрецедентной мощью и престижем. И именно ему было суждено председательствовать при кончине империи, создание которой было оплачено столь большой кровью и растратой национального богатства. Когда Горбачев пришел к власти в 1985 году, он был руководителем ядерной сверхдержавы, находящейся в состоянии экономического и социального застоя. Когда же он вынужден был уйти с занимаемой должности в 1991 году, Советская Армия оказала поддержку его сопернику Борису Ельцину, Коммунистическая партия была объявлена вне закона, а империя, возводимая на крови всеми русскими правителями, начиная с Петра Великого, (правильнее будет – с Ивана Грозного — М.Б., С.К.) развалилась…..
Горбачев, однако, осуществил одну из самых значительных революций своего времени. Он разрушил Коммунистическую партию, специально созданную для захвата и удержания власти и на деле контролировавшую все аспекты советской жизни. После свого ухода Горбачев оставил за собой поколебленные остатки империи, напряженно собиравшейся веками.
…Он хотел добиться своими действиями модернизации, а не свободы; он попытался приспособить Коммунистическую партию к окружающему миру; а вместо этого оказался церемониймейстером краха той самой системы, которая его сформировала и которой он был обязан своим возвышением.
Проклинаемый собственным народом за огромные несчастья, случившиеся, когда он стоял у кормила неограниченной власти, и покинутый демократическими странами, ошарашенными его неспособностью удержать за собой эту власть, Горбачев не заслуживает ни экзальтированных восторгов, ни бесчестья, попеременно бывших его уделом. Ибо он унаследовал поистине неразрешимый комплекс проблем”. (Киссинджер Г. Дипломатия. М. 1997. С. 695,715,716,717).
Генри Киссинджерден 60-70 жыл бұрын, біздің ұлы данышпандарымыз Романовтың (патша өкіметінің), большевиктердің 1917 жылғы қазан “жеңісі” озбырлығымен жасалған, сондықтан олар, патшалық монархия сияқты, Советтік мемлекетте көп өмір сүре алмайды деген болатын. Дана әулиелеріміздің көрегенділігін топтастырып, ғылыми – саяси тұрғыда бірінші айтқандардың біреуі Мұхаметжан Тынышбаев (1879-1937) еді. Ол кісі жалпы ресейлік қоғамдық санаға үлкен үлес қосты. Сөзді Мұхамеджан Тынышбаевқа берелік. 1905 жылы, бұдан бір ғасыр бұрын былай деді: “Киргизы, принимая русское подданство, (в начале ХVIII в. — М.Б.,С.К.) никогда не думали и даже не допускали мысль, что в семье русского народа они окажутся пасынками, не имеющими никакого права на материнскую заботу и любовь со стороны России. Политика правительства и современное состояние киргизов ясно показали, насколько обманулись киргизы в своих ожиданиях… Городские тюрьмы вечно переполнены ни в чем непровинившимися киргизами, сажаемыми по приказу начальства; элементарные человеческие права у киргизов отрицаются; жизнью и совестью населения всецело распоряжается администрация.
Закрытие мечетей, медресе и молитвенных домов, запечатывание и конфискование духовных книг, раздача евангелия на киргизском языке и угроза высылки в Сибирь для нежелавших принимать его, приказы о введении в (…) киргизские духовные училища обязательного обучения русской грамоты,…”
С тех пор как киргизов приняли в русское подданство, — дейді Мұхамеджан, — не было ни одного светлого радостного дня, ни одной счастливой минуты! С тех пор никто, и решительно никто не подумал о том, чтобы сделать для киргизов что-нибудь доброе, или хотя бы, что-нибудь похожее на доброе!
Гонения и притеснения со стороны правительства не ограничиваются одним непризнанием за киргизами политических прав и свободы в исповедании своей религии; еще большее зло терпят они в области экономической жизни…”
Мұхамеджан зорлық-зомбылық істеп отырған патша әкімдерінің, генерал-губернаторларының аттарын атайды. Олардың күндері санаулы екендігін айтады. Былай деп ескерту жасайды: “Киргизы наученные горьким прошлым поднимаются на борьбу.. смотрите степь волнуется… Теперь генерал-губернаторам ничего не остается, как сослать все киргизское население в Сибирь, самим царствовать в безлюдной степи”, сондықтан. сендердің өмірлерің қысқа болады деп ескерткен. Тынышбаевтың бұл айтқандары: “Киргизы и освободительное движение” деген атпен “Русский Туркестан” газеті, 1906 ж. бірінші номерінде басып шығарды. Біз бұл мақаланы 1961 жылы уақытша болған “Хрущеское потепление” заманында, Ленинградтағы Салтыков – Щедрин атындағы кітапхананың “жабық құпия” бөлімінен оқыдық. Ол кезде, Совет одағында, “ксерокопия”, “ фотокопия” дегендер атымен болмайтын. Мұхамеджан бабамыздың бұл және басқада еңбектері (толық емес) еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ғана жарық көрді.
XIX-XX ғасырдың басындағы, біздің әулиелеріміз ана тілімен қатар араб, парсы, орыс, татар тілдерін жақсы білген, сол тілдерде де шығармаларын жазған Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Уфадағы “Ғалия” медресесінде оқып жүріп, патша өкіметіне қарсы жасырын ұйымға кірген (1912 жыл) орыс, қазақ, татар тілдерінде шыққан “Бақытсыз қазақ” (“Несчастный казах”) деген өлеңінде отандастарына былай дейді:
“Очнись и воспрянь! – Наступила пора.
Тебя день и ночь угнетали вчера.
… Готовся к грядущим, кровавым событиям.
… Дни угнетателей (колонизаторов), сочтены…” осы 1912 жылдан бастап патша, одан кейін ОГПУ тыңшылары Мағжаннаң артына түседі. 1920-1925 жылдардағы архив құжаттарында былай делінген: “Он еще до октябрьской революции был в рядах алашординцев и противником большевиков, так как в стихотворениях “Мой Восток”, “Мои казахи” автор печалится по ханской и феодально-байской старине, ее судьбах… Он безответственно утверждает, что:
Азиатский мой край родной,
Затерявшийся в пестрых горах.
Твой он, Азия, твой казах!
Осы жерде үлкен саяси көрегендік көрсеткен Көлбай және Мариям Тоғысовтарды айта кету керек. Олар 1916-1917 жылдары, орыс-қазақ тілдерінде “Алаш” газетін Ташкент қаласында шығарып тұрған. Патша өкіметінің өмірі ұзақ еместігі туралы талай мақалалар жариялады. Халықты бірлікке қарулы күреске шақырды. Олардың айтқандары келіп Ақпан революциясы, бірнеше ғасыр бойы елдің қанын сорғандарды тақтан тайдырды. Бұл туралы Тоғысов: “Долой Романовых” деген мақаласында былай деді: “В грязи и крови пала династия Романовых, триста с лишнем лет, как кошмар, тяготевшая над Россией и ее народами Монархия нужна угнетателям, а не народу, не рабочим, не крестьянам, и не мусульманам. Единственная форма правления достойная свободного народа – это народоправство. Демократическая Республика…” (К.Тогусов. “Долой Романовых” // “Алаш”, 1917, 21 марта, №15). Тоғусов (1879-1919), 40 жасында Омбы түрмесінде атылған. Бірақ осы уақытқа дейін ондай патриотты, кімдер өлтіргені анықталмаған. Мұндай дарынды, ұлтжанды кісі, монархистерге де, колчаковшыларға және эсерлерге, әсіресе, большевиктерге де ұнамады. Себебі Тоғұсов олардың түріктерге қарсы империялық саясатын әшкереледі.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Алаштың зиялыларының әрқайсысы патша монархиясының, уақытша үкіметтің, Лениннің баскесерлерінің тарих алаңынан кететіндігін сан рет айтты.
Біздің данышпан бабаларымыздың арасында Әлихан Бөкейханның (1866-1937) алатын орны өте зор және ерекше. Дегенмен, ол ұлы қайраткердің өмірбаяны, ғылыми мұрасы әлі де жан-жақты зерттелмей келеді. Оған бірнеше себептер бар. Біріншіден, өзіміздің енжарлығымыздан, екіншіден, кейбір мекемелердегі (ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі) ғылыми органдардағы жауапты қызметкерлердің советтік менталитеттің шырмауында жүргендігінде, үшіншіден, саяси тәуелсіздік алғанымызға он бес жыл болса да, Әлиханның көптеген еңбектері, оның үстіне, жазықсыз 25 жылдай Сталиннің тікелей тапсыруымен жүргізілген ОГПУ, НКВД деректері табылмай, жарияланбай жатыр.
Әлихан бабамыз XIX ғасырдың екінші жартысында, Петербордың екі жоғарғы оқу орнын үздік бітірген. Ол кісі «Алаш – Орданың» көсемі және рух берушісі (идеологы). Бірінші Ресей Думасының депутаты, орыс Кадет (Конституционно-демократическая) партиясының, орталық комитетінің мүшесі (одан кейін шықты).
Әлихан Бөкейханның ғылыми дәрежесі, ол кісіден біраз бұрынырақ Петерборда императорлық университеттің заң факультетін бітіргендер Керенский, Лениннен жоғары болған. Себебі Әлихан европалық біліміне қоса шығыстану ғылымын, ұлт мәселелерін жан-жақты, терең өте жақсы білген, барып тұрған гуманист, ұлтжанды, интернационалист болған. Адамды адамның қанауының қандай түріне болса да қарсы болған.
Ол бабамыз большевиктердің Петерборда үкіметті зорлықпен басып алғанын, бір ай өтпей жатып, ашық айтады. Бұл саяси көрегендіктің нағыз өнегесі болып табылады. Әлихан Бөкейхан, Керенский және Ленин оқыған Петербургтағы университетті бітірді, оларды бұрынан білген. Ал 1917 жылдың аяғында былай деп жазды: “Памятка (листовка) крестьянам, рабочим, солдатам, русским и киргизам, Ульянов-Ленин, Председатель Народных Комиссаров, распоряжается единолично, как царь Николай, не желает давать отчета ни перед кем, контроль народа над распоряжениями правителей называет “буржуазным предрассудком”.
Безответственность Правителей мы видели при царе Николае. Большевистский Председатель Ульянов-Ленин, как Николай, считает народ за бессловесное животное.
Большевики разогнали Московскую и Петроградскую Думы. Они были избраны всеобщим прямым, тайным голосованием всем населением Москвы и Петрограда.
Большевики закрывают газеты. Разгоняют собрания. Они свободу собрания и свободу слова называют “буржуазным предрассудком”….
Запомните, крестьяне, рабочие и солдаты, с лица большевика спала красная маска революционера и обнажила его сущность черносотенца.
Әлиханның бұл хаты (памяткасы) жиырма мың дана болып Торғай облысында, Орынбор губерниясында, Сібірь, Еділ-Жайық өңірінде таратылды. Генерал Колчактың (Сібірді басқарып тұрған кезі) бұйрығымен, Әлиханның хаты, бірнеше рет, баспаханадан көбейтіліп шықты. Мен әулие-бабамыздың бұл “хатын”, бұдан 40-45 жылдар бұрын (1961-1965) Орынбор, Саратов мемлекеттік партия архивтеріндегі құжаттардан кездестірдім. Бұл “хат” (листовка) Қазақстан тәуелсідігін алғаннан кейін ғана жарық көрді. (Қараңыз: Алихан Бокейхан. Избр. произв. Алма-Ата, 1995, С. 414).
Ал, Әлиханның Ленин туралы, ол кісінің қанышер сыбайластары туралы жоғарыдағы сөздерді ол кезде, ешқандай саясаткер айта алмаған.
Біраз уақыт өткеннен кейін, Мұстафа Шоқай өз еңбектерінде большевизмнің әкесін танытты. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары өте ғажап көрегендік айтқан ұлы саясаткер – Шоқай. Ол кісі түрік халықтарының бірлігін аңсады, өзінің отандастарын езіп, жаншып, қырып жатқан большевиктердің озбырлығын, дүниежүзі алдында әшкерледі, Советтік империяның күйрейтінін айтты. (Қараңыз: М.Шоқай, Таңдамалы. 1 том. Алматы, 1998, 2 том 1999).
Иосиф Сталиннің өзі 1925 ж. 29 мамырда былай деген: “ Я имел возможность на днях познакомиться с журналом “Ақ жол”. (1920-1928 жылдары, Ташкентте, қазақ тілінде шығып тұрған газет). Я вспомнил в связи с этим некотроые статьи небезизвестного Чокаева в белогвардейской печати (о скором разрушении Советской страны) и я к ужасу своему открыл некоторые, так сказать духовное “единство” между этими статьями и журналом “Ақ жол”. Сталиннің қорыққаны сонша, ол ұлт зиялыларын советтік жұмысқа тартпау керек (түбінде құрту керек) – деп жарлық берді. “Олай етпейінше Шоқаевтардың Қазақстанда жеңуі ақиқатқа айналуы мүмкін” деді. Бұл сөздер қысқартылып Сталиннің шығармаларының 5-ші томында жарияланған.
Ал енді 1918-1919 жылдары, түрмеде жазған хаттарында әулие-бабамыз Бақытжан Қаратаев былай дейді: — (“Из тюремного дневника”): Гражданская война… Есть ли смысль в этой резне друг друга? Почему не мирятся русские люди? Где их здоровый ум и где их патриотизм? Неужели они не понимают, что нужно найти общий язык и сплотиться, чтобы Россия была цела и зажила бы новой жизнью, которой не знал доныне весь мир? Ни одна из окраин не хочет отделяться от России, несмотря на различие национальностей, религий и бытовых условий…
Но может ли продержаться у власти большевизм? Он, по-моему продержится до тех пор, пока люди им верят…
Большевизм, сослужив службу переходного времени, сойдет со сцены, уступив место властям мирного, созидательного и, надо сказать, социалистического характера. (Қараңыз: Қаратаев Б. Из тюремного дневника. Уральск//Бурабаев М.С. Общественная мысль Казахстана 1917-1940гг. Алма-Ата. 1991. С. 238-239, приложение).
Жоғарыдағыдай әулиелік пікірлерді Ахмет Байтұрсынұлы (1879-1937) да, сан рет ашық айтты: “Если раньше куча людей чинила над казахами всякого рода насилия, то такую же деятельность проявляла на окраинах кучка тех же и других людей, прикрываясь именем большевиков-коммунистов. Я и мои единомышленники, не примирившиеся с таким положением раньше при царской власти, не могли мириться и теперь, и, думая, что подобные дела творятся повсюду в Советской России, были против признания Советской власти….».
Бұл сөздерді ол данышпан, 1919 жылы тамызда Мәскеуде шыққан “Жизнь национальностей” журналда “Революция и казахи” деген мақаласында жазды. Бұдан кейін де Ахмет большевиктердің өмірі қысқа болатынын сан рет айтты. Ол кісіні коммунистер алдады, арбады, жұмыссыз қалдырды, жер аударды. Алаш бабаларымыздың арасында Ахмет Байтұрсынов екі рет өлім жазасына бұйырылды.
Тағы Ахаңның көрегендігіне келейік: 1930 жылғы оқиға – “Наконец, за день до ареста Байтурсынов, предвидя это, “… заставляет своего зятя Абдулгафарова писать воззвание. Воззвание следующего содержания: “Советская власть падет в этом году… Надо убедить неселение, чтобы не записывались в совхозы (видимо, в колхозы, — Авт.), ибо после колхозов будут коммунхозы и тогда своего ничего не будет, т.е. право собтсвенности будет уничтожено совсем… В нынешнем легко добиться цели, ибо большевики нынче боятся сжимать протестующих строгими мерами из-за боязни повсеместного волнения со стороны кустанайских мужиков (русских), и одновременно с ними нужно действовать открыто, но осторожно, не убивая никого, ибо может нагрянуть войско и разогнать народ, тогда трудно будет организоваться”. (Қараңыз: Ашнин Ф.Д. и др. Репрессивная тюркология. М. 2002. С.188).
Ақырында, 1937 ж. күзінде, Ахмет бабамызды қайтадан түрмеге жапты, 20 қарашада 15 минутқа созылған сот: “Ресейдегі пантюркистердің басшыларының бірі” деп айыптайды. Сол күні атып жіберді. Большевиктердің озбырлығын, қара пейілін, социалистік мемлекеттің өмірі ұзақ болмайтынын Алаш зиялыларының көпшілігі айтты.
Генри Киссинджер, өткен ғасырдың 80-90-шы жылдары Ленин мен Сталинді, патша Николай екіншімен салыстырады: “Однако к моменту смерти Сталина основным различием между коммунистическим правлением и правлением царя-самодержца являлось лишь то, что Сталин на деле оказался гороздо более груб, жесток и скор на расправу. В итоге советская политика столкнулась с той проблемой, которая осложняла существование России в более ранний исторический период, что и привело к краху”. (См: Киссинджер Г. Дипломатия. М. 1997. С. 498)
Ахмет Байтұрсынов және Әлихан Бөкейханов қазан төңкерісінен кейін, Мәскеуге барып Ленин және Сталинмен кездесті, олармен қазақ автономиясы туралы ұзақ әңгімелесті. Солардың стенограммасын немесе протоколдарын тауып, ғылыми айналымға кіргізу керек.
Әлиханның кейінгі 25 жылдай өмірі қуғын-сүргінде өтті. Бірақ ол ғылыми жұмыстарын тоқтатпады. 1937 ж. 27 қыркүйекте ССРО Жоғары сотының әскери коллегиясы оны атуға бұйырды. Протоколда оның соңғы сөзі жазылыпты: ”Советскую власть не признавал, не любил…”.
Ал енді, Сталиннің жеке басының қазақ зиялыларына, олардың рухани өміріне қатысы бар ма? Ол кісі еліміздің тарихы мен мәденитімен 1918 ж. бастап араласты. 1925ж. “Ақ жол” газеті туралы хатында, ол былай деді: “Мы не для того брали власть, чтобы политическое и идеологическое воспитание молодежи предоставить буржуазным интеллигентам. Этот фронт должен быть оставлен целиком и без остатка за коммунистами” (Қараңыз: Казахстанская правда. 1991, 31 мая.).
Бұдан кейін Сталин не істеді, Троцкийдің сөзімен айтсақ: “Ұлы көсем Гегель мен Маркстың диалектикасымен рухтанды, Лениннің өсиеттерін, Гитлердің фашистік тәсілдерімен жүзеге асырды”. Мұндай сөздерді Мұстафа Шоқайда айтқан. (Екі томдық шығармаларын қараңыз).
Сталин тек қана ұлт зиялыларын, қуғын-сүргінге салған жоқ. 1924-1925 жылдары, Ресейдің тюрктерге қарсы империалистік саясатын “право нации на самоопределение” деген жалған лақаппен бүркемелеп Орта Азия халықтарын республика, облыстарға бөлшектеп жіберді. Олардың біртұтастығын жойды. Бұған қарсы шыққан Бөкейханов, Байтұрсынов, Тынышбаев, Рысқұлов, Шоқай тағы басқалары, партияның ұлттық саясатының “дұшпандары-пантюркистер” деп жариялады. Толық емес деректерге сүйенсек 1940 жылдың алдында, Қазақстан бойынша 290 мың кісі “пантүрікшіл”, “троцкистер” (негізінде сионистер деген мағынада) атылып немесе жер аударылып жіберілген. Сталин “бүткіл” саяси қарсыластарынан құтылды, бірақ большевиктердің өмірі ұзақ болмады, 1991 Совет империясы іштей іріп-шіріп күйреді.
90-шы жылдары бұрынғы Совет империясының біраз түрік халықтары саяси егемендікке жетті, бірақ оларға экономикалық, рухани тәуелсіздікке жету үшін талай жұмыс істеу керек. Осы жерде Міржақып Дулатұлы бабамыздың қазақтарға арнаған өсиетін айтайық:
Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты,
Өткізбей қараңғы бекер жасты!
Жер кетті, дін нашарлап, хал һарам боп,
Қазағым, енді жату жарамасты! (Қараңыз:М.Дулатұлы. “Оян, қазақ” (Уфа 1909). Алматы, 1991. 17-37 беттер). Бұдан жүз жыл бұрын айтылған Міржақып бабамыздың дуалы сөзінің көп жолдары әліде болса күн-тәртібінен түскен жоқ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *