Ерлан Сыдықов. Өмір өнеге

Қазақ елі ойлы, кесімді пікір айтатын абзал ұлдарға қай уақытта да кенде болмаған.Солардың ішінде халықтың тілегінен шыққан, иманды ісімен жұртының қадыр – қасиетін иеленген біртуар тұлғалар ел тарихымен біте қайнап, бірге жасай берері хақ. Олардың барша жұртқа сіңірген қызметі, ел үшін тындырған еселі еңбектері ғасырлар бойы үзілмей , бүгінгі ұрпақтарға үлгіге айналуда . Әр заманның сұранысына сай дүние есігін ашып, қоғамды, елін биікке көтеруді парасат-пайымы тұрғысынан таразылауды мақсат еткен, көптің мақтанышына айналған тұлғалар Семей өнірінде де аз емес.

 

Адам –өмірінің салиқалы да саналы сапары азамат ретінде ат жалын тартып мінгеннен басталады, Халық, туған жер, ұлт алдындағы перзенттік жауапкершілік жугін жете сезінген жаннның қай- қайсысы болмасын, өзінің ісіне адал берілгендігімен дараланып көрінетіні анық. Адам өмір –оның журген жолы, жасаған жасымен емес,атқарған еңбегімен өлшенсе керек. Сондай елі үшін атқарған қызметі , сіңірген еңбегі, тындырған істері ұланғайыр, абзал жандардың бірі – Кәрім Нұрбаев.

Кәрім ағаның еңбек өткелдері- бір адамның өміріне жетерлік, әрі қызғылықты , әрі қиындығы мол,әрі аз күнгі адами тіршілікті қалай құруға болатындығына айшыкты дәлел. Оның өмірден алған сабағы, қөңіліне түйген сыры көп. Нұрбай ақсақалды сөзге шешен, айналасын сыйлы кісі болғандығы және ол кісі айтыпты деген ұшкыр ойлы әңгімелердің көпшілік арасында аңыздай сайрап қалғандығы оның ұяда көрген тәрбиесінің бастауы еді. Текті аға жастайынан ұлтық өнеге-дәстүрлердің көңіге қонымды жағын екшеп бойына сіңірген. Жаңаны танығыш жан небір жайларды ой елегінен өткізіп барып қабылдаған. Қазақы тіршілікті бұзбай, сабақтастыра дамытқан. Осыған ағаның ел сүю, жер сүю сөзімдерін, ұлтық мақтаныш пен намысын биік қоятын, аруақтар мен үлкенді сыйлай білуін, болашақты болжағыш қабілетін, бойына біткен қайратты қосыңыз. Ағаның ізденімпаздығы, кісілігі өмір жолымен жете танысқан пенденің баршасына түсінікті. Ол азаматтық ұлағатымен ірі көрінді.

Кәрім Нұрбайұлы алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастаған . 1933-1934 оқу жылында оқыған, білімді де білікті мамандарға тапшы сол заманда ауылдық кеңестің төрағасы Егізбаев Кәрімнің аудандық партия комитеттінің нұсқаушысы Шабанбаевқа ұсыныс жасауымен Қызылкесік бастауыш мектебінің «Кеттедегі» бөлімшесіне мұғалім болған. Әр нәрсені білуеге құмар, талапты, пысық жас жігітті келесі жылы Майлышатта ашылған бастауыш мектепке меңгеруші әрі мұғалім, кейіннен Көкжыра орталау мектебі, Ақсуат орат мектебіне директор болып тағайындалады. Осы жылдары Кәрім аға білімін көтеру мақсатымен Зайсандағы педагогикалық техникумға түсіп, оны сәтті аяқтаған.

1939 жылы әскер қатарына қабылданған Кәрім аға 1942 жылы ауыр жараланғанға дейін өзінің іскерлігінің, батылдығының, парасатының арқасында 65-атқыштар дивизиясының 60- полкінде қатардағы жауынгерден батальонның саяси жетекшілігіне дейін көтеріледі. Кәрім Нұрбайұлы майдандағы ерліктері үшін !! дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальдармен марапатталды. 1943-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қан майданына араласты. Соғыстан кейінгі бес жыл Кәрім Нұрбайұлы Ақсуат аудандық атқару комитетінің көші-қон бөлімінде, сауда бөлімінде, хатшылғында және жер бөлімдерінде қажырлы еңбек ете білді. Азаматқа ауыр сын- әскери қызмет, қан майдан Кәкеңнің өмір туралы, дүние, адамдар туралы көзқарасын қалыптастырып, өзінің алдына биік мақсат, өрісті мұрат қоюына, ой-пікірін айқындай түсуіне әсер еткен еді. Кейінгі қызметтерінде бұл қасиеттер айқын байқалғандығы Кәкең туралы ел азаматтарының естеліктерінен байқауға болады.

Соғыстан кейінгі уақытты бейбіт өмір жылдары дегенмен адамдардың жүрегінде соғыс салған жарақат әлі жазылмаған, халық шаруашылығы әлі қалпына келтірілмеген кезде облыстық партия комитетінің тағайындауымен 1950-1954 жылдар Абай аудандық атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды. Келген бойда аудан қызметкерлерінің арасандағы психологиялық ахуалды тез аңғарған Кәкең оған тереңірек көніл бөле отырып, аудан еңбекшілерін тығырықтан шығарудың жолын іздеді. Нақты ұсыныстар жасап, соларды жүзеге асыруға халықты жұмылдыра білді. Ол өз жұмысын аудандағы экономикасы әлсіз, бытыраңқы орналасқан колхоздарды ірілендіруден бастады. Іріленген колхоздардың экономикасы тез көтеріліп, ауданның ауыл шаруашылығы алға басты жэне облыстағы басқа аудандардың алдына шығып, нәтижесінде Кәрім аға Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутат болып сайланды.

1954-1961 жылдары шаруашылығы шашыраңқырап, экономикасы әлсіреп қалған Шұбартау ауданынына облыстың жолдауымен партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне ұсынылды . Кәрім Нұрбайұлы кезінде Шұбартау ауданында еңбек адамдарының тұрмыскүйіне, жастардың оқып білім алуына, мектеп,мәдениет сарайын, кітапхана, киноқондырғы, аурухана, емхана, сауда, тұрмыс қажетін өтеу, байланыс мекемелерінің жұмыстарын жолға қоюға күш салды . Аудан шаруашылығын алдыңғы шепке шығару жолында бел шешіп қырдағы малшыдан бастап, көз алдындағы аудан тұрғындарының мәселесін уақытында шешіп, қол астындағыларды іске жұмылдыра білу, дұрыс ұйымдастыруда Кәкеңнің сіңірген еңбек өлшеусіз еді .

Шұбартауды алға сүйреп шығарғысын, 1961 жылдың жазын ауылшаруашылығы саласының майталманы саналып, сан қырлы жұмыстардың басы-қасында жүрген, ұйымдастырушылығымен көзге түскен Кәкенді мал саны өскенмен, орынсыз шығындарға ұшырап, экономикасы күйзелген Абай ауданына бірінші хатшы қызметіне жібереді. Аудандағы барлық шаруашылықты аралап, ауылдардың тұрмыс- тіршілігімен жете танысқан басшы өз дағдысынша бірде күрт өзгеріс жасауға ұмтылмай-ақ іс барысын жайлап қалыпты ағымға түсіре бастады. Облыс басшыларының алдында ұжымдық шаруашылықты кеңшармен алмастырудың экономикалық жағынан тиімді екендігін дәлелдеген Кәрім Нұрбайұлы 1963 жылдың бірінші қаңтарынан барлық шаруашылықтарды мемлекеттік меншікке көшірді. Бұрынғы бес кеңшар енді бөлініп, жеті кеңшарға айналды. Дұрыс ұйымдастырудың арқасында кеңшар шаруашлықтар алға жылжыл, әлеуметтік салаларғада оң өзгерістер енді. Өйткені абайлықтар Кәрім ағаға сенді, Кәрім ағаны қолдады, Кәрім ағаның соңынан ерді. Кадр тандау, оларға ақыл кеңес беруге Кәрім аға өте жауапкершілікпен қарап, шыныйы қамқорлығын көрсете білді. Жастардың керешегіне үміт артқан Кәрім Нұрбайұлы оларды жауапты қызметтерге тағайындап және бытып жоғарылатып отырды. Солардың көпшілігі кейіннен аудан, облыс, республика деңгейіндегі басшылыққа дейін көтеріліп, жерлестеріміздің мақтанышына айналды. Сондай есімдерін үлкен құрметпен атауға болатын азаматтардың қатарында Бәтташ Сыдықов, Кәбер Қайырханов, Омарбек Әбеуов, Мұратхан Қорғанбаев, Тельман Жақынов, Молдабек Жанболатов, Шаймағанбет Мақашев т. б. Айтуға болады.

Халықтың осындай сүйіспеншілігіне енген Кәрім аға да халықтың дана ұлдарының атын шығару, шығармашылығын халқына қайтару жолында кқп еңбектенді. Үлкен қанағат сезіммен еске алуға тұрарлық Кәкеңнің және бір елге сіңірген зор еңбегі қолжазбалары бүкіл қазақ даласына кеңінен тараған, Абайдың немере інісі, көрнекті тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын ақтауға күш салуы дер едік. Атын ауызға алуға тиым салынған сол кезендерде қатаң шектеулерге қарамастан, басын қатерге тіккен Кәкең еңбегін ерлікке балауға болар.

Кеңес дәуірінде Шәкәрімнің шығармалары кітап болып жарық көрді. Сонымен бірге «Абай» журналының 1918 жылғы 3-4 санында «Хафизден аударма», Физулидің «Ләйлі- Мәжнүн» поэмасынан еркін аударған нұсқасы алғашқыда «Шолпан» журналының 1922 – 1923 жылғы 2-8 сандарында, кейін жеке кітап болып С. Сейфуллиннің алғы сөзімен Алматыда 1935 жылы шықты. Соңғы жылдары Шәкәрімнің бір топ өлеңдері 1959 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінде басылды. Алайда бірсыпыра шығармалары жарық көрмей ел аузында ғана немесе қолдан қолға көшірме арқылы тарап жүрген еді. Осыны ерте сезген Кәрім аға Шәкәрімді көзі көрген ел ішіндегі құйма құлақ қариялардың көзі тірі кезінде жазып алып қалу мақсатында көп жұмыс жасады. Ұлы Ахат ақсақалға Шәкәрім шығармаларын бірнеше данамен көшіріп, мұрағаттарға тапсыруды да жүктеген Кәкең еді. Кәрім Нұрбайұлы Шәкәрімнің ел ішінен жинастырған өлеңдерін өз қолымен ҚазССР Ғылым академиясының қолжазба қорына өз қолымен өткізгенін бүгіндері көзі тірілер айтады.

1956 жылғы партияның ХХ съезінен кейін бұрынғы халық жауларын ақтаудың басталғаны аян. Бірақ «1920- 30-шы жылдардағы шаруалар көтерілісінің идеологы, буржуазияшыл – ұлтшыл, ақын» деп жала жабылған. Шәкәрімнің жағдайы мүлде басқаша болатын. Әкесін ақтап алуға жанын салған ұлы Ахаттың әрекетінің өзі нәтиже бермеуі мүмкін еді. Міне, осындай жағдайда Шәкәрімнің тұлғасының және оның туындыларының ұлт болашағы үшін аса қажеттігін түсінген Кәрім Нұрбайұлынан Ахат жан – жақты қолдау тапты. Соның бір айғағы, 1962 жылы Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын сараптау жөніндегі комиссия құрғызып, толықтай талдау жасатып, 1964 жылы Орталық Комитеттен ақынның ақталуын сұрап, аудан халқы атынан хат жолдатқан да Кәкең еді. Ол 1965 жылдың 17 – сәуірінде кейіннен табылған « Ұмытылғанның өмірі» атты ақынның поэмасын сараптауға арнайы комиссия құрғызды. Комиссия бұл поэманы жан — жақты саралай келіп, Абай аудандық комитетінің бюросына қорытынды пікірін білдірген. Соңында: «Ұмытылғанның өміріне» орай құрылған комиссия Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақ халқының тарихынан өзінің заңды орнын алатын уақыты жеткенін Абай аудандық партия комитеті жоғары орындардың алдына қояды деген сенім білдіруі арқылы көптің ойын жеткіздік деп есептейміз, — деп комиссия мүшелері Қ.Базарбаев, Б.Сыдықов, Х.Бозанбаев, К.Оразалин, М. Жанболатов сынды Абай ауданының азаматтары қол қойған.

Осы қорытынды пікірді негізге ала отырып, Кәрім Нұрбайұлы Орталық комитетке анықтама жолдаған. Ол құжат мұрағатта сақтаулы. Анықтама мәтіні төмендегідей:

 

Қазақстан КП ОРТАЛЫҚ КОМИТЕТІНЕ

«Ұмытылғаннын өмірі» деген ұзақ өлеңнің Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармасы екендігі туралы

 

Анықтама

Семей облысы, ҚКП Абай аудандық комитетінің жанынан Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен творчествосын зерттеу мақсатында құрылған комиссия 1964 жылы сіздерге Шәкәрім туралы жіберген қорытынды пікірлеріне қосымша осымен жалғас анықтамаларды тағы да жолдап отыр.

Абай аудандық партия комитеті осымен жалғас 8 бетпен жіберіліп отырған түсінік, пікірлердідұрыс деп санайды және «Ұмытылғанның өмірі» деген ұзақ /поэма/ өлеңнің Шәкәрім Құдайберді ұлының төл шығармасы екеніне ешқандай таласы жоқ екенін бекітеді.

Анықтамаға қосымша аудаңның ежелгі тұрғындары:

  1. Рахым Жандыбаевтың
  2. Ермұса Телібаевтың
  3. Кенжетілеу Доланбековтың
  4. Балтақай Толғанбаевтың естеліктері мен арнаулы комиссияның қорытынды пікірі де жіберіліп отыр.

 

ҚКП Абай аудандық комитетінің секретары

К.Нұрбаев

 

Кәрім Нұрбайұлының кеңестік кезең күшіне еніп тұрған кезінде, ел шығармаларын сөз етпек түгелі, аттарын атауға тыйым салынған сұрқия шақта Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығын ақтауға деген құлшыныс жасауын көзсіз ерлік дер едік.

Кәрім Нұрбайұлы Абай елінің гүлденіп, Абай елінің әрбір тарихи орнының рухани мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қызмет етуін, Абай елінің әлемге танылуын басты мақсат етті, сол жолда аянбай тер төкті, бар күш жігерін жұмсады. Төккен тер зая кеткен жоқ, өз жемісін берді.

Отан алдындағы еселі еңбегі үшін «Ленин» , «Еңбек Қызыл Ту», екі «Құрмет белгісі» І және ІІ дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, көптеген медальдарымен, Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталып, 3 рет Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесіне депутат сайлануы осы еңбектердің нәтижесі.

Осындай қым- қуат шым- шытырық, саяси тірліктің шындығы шындығы беймәлім шырғалаңында жүріп, дүниеге келген үш перзентіне әке болып, олардың отаның, туған жерін сүйіп, еңбекқор болып өсуіне армат еткен Кәрім Нұрбайұлы шаңырақтың шуағын жоғалтпай, олардың тәрбиесіне қатты көңіл бөліп, тірек бола білгенінің өзі таусылмас қазына, сарқылмас үлгі – өнеге Перзенттерінің саналы азамат болып қалыптасуын назардан тыс қалдырмай, жіті көңіл бөліп, әкелік қамқорлығын аямады. Қолы қалт еткенде балаларының ортасынан табылып, ақыл — кеңесін беріп, әңгімелесуі, оларды табиғат аясында дем алуға көкке апаруы, көлге апарып балаларды баулық аулауға, мергендікке, аңшылдыққа баулуы, қонақтарды қазақи дәстүрде күтуге, елмен араласуға үйретуі оның шаруашылықтың ғана адамы емес, шаңырақтың да тірегі ретінде сезінгендігік көреміз. Балалары Гүлдария, Орман, Герман да әке аманатын орындауды ең басты парыздары санады. Бүгін де олар республикаға аттары танымал, жоғары дәрежелі айтулы азаматтар. Кәрім аға бірге жұмыс істеген қызметтестерінің жанұясымен де жақын араласып, қуаныш – қызықтарына ортақтаса білген жан. Біздің үймен өте тығыз қарым — қатынаста болып, әкем екеуі үнемі бір – бірін қонаққа шақырып отыратын. Орман мен Герман туғанда көршілерден сүйінші сұрап шапқылағанымыз әлі есімде. Қоян асыруды да Кәрім ағадан үйрендім.

Шаңырақ шырайы енгізіп, жар үмітінің шырағы бола білген, өмірлік серігі – Гүлжазира жеңгейдің орны бөліктігі тағы бар. Өйткені, отасқан жанының жанына жалау болып қана қоймай, ұл – қыздарына әкенің алар орны қандай биікекендігін зерделеріне түйіп өсуіне аналық тәрбиенің ықпалызор екендігі анық. Жұмысына ерте келіп, кеш оралатын әкеге деген шаңырақтағы құрметті орнықтыру, алыс жақыннан келген қонақтарды қазақи дәстүрдеқарсы алу, күту, шығарып салу міндеттері тағы жеңгеміздің мойынында. Азаматының халық арасындағы бағасын асқақтатып,шаңырақтың ұйытқысы болып, әке артында қалған перзенттерінің өмірден өз орнын табуына бағыт бергені де баға жетпес аналық асыл қасиетін көрсетері шүбәсіз. Гүлжазира жеңгей : «Бүгінде Орман мен Германнан асар шаруа жоқ. Менің қол – аяғымды босатып, бар жағдайды өздері атқарады, менікі бас — көз болып отыру ғана», — деп балаларына деген сүйіспеншілігін толқи, мақтанышпен айтып отыруы сол тәрбиенің жемісі деп білеміз.

Бұл күнде «Сүйер ұлы болса, сен сүй, сүйінерге жарар ол» деп Абай данамыз айтқандай, Кәрім Нұрбайұлы туралы әңгіме тек естеліктер регінде ғана айтылғанмен, алайда тұғыры мықты тұлғаның алыстаған сайын асқақтай беретін бітім – болмыс даралығын, жаратылыс ерекшелігін, азаматтық қайраткерлігін көреміз. Сол себептен де кейінгіге өшпестей өнегелі із қалдырып, келешек ұрпақ өмірінің жарқын болуы үшін ат үстінен түспеген ардақты ұлына халық құрметі ешқашан толастымайды.

 

Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық мемлекеттік университеттің ректоры,

тарих ғылымдарының докторы, профессор –

Ерлан Сыдықов

 

[1] Цит. по: Седакова О. Музыка: стихи и проза. М., 2006. С. 452.

[2] Платон. Собрание сочинений в 4-х т. Т. 2. М., 1993. С. 435.

[3] Иванов В.И. Сочинения. Т. 3. Брюссель, 1979. С. 597.

[4] Ходасевич В. Стихотворения. Л., 1989. С. 285.

[5] Рыжий Б. Стихи 1993-2001. СПб., 2003. С. 308.

[6] См. об этом: Быстров Н.Л. Музыка и поэзия в творчестве Бориса Рыжего // Russian Literature.2010. № I (LXVII). С. 23-31.

[7] Кушнер А. Ночная музыка. Л., 1991. С. 75.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *