Журнал "ТАМЫР", №37, октябрь-декабрь 2013 г.

Берік Жылқыбаев – 80 жаста!

Ж Ұ Л Д Ы З Ы М

Ертеден тамыз айында
Аспаннан жұлдыз төгіле
О, тәубе! Бізге баймәлім
Кім өтеді бүгін, кім келе.

Аппағым менің, Жұлдызым!
Жоғалмайды сенің ізің,
Суылмайды жылы жүзің,
Жұлдызым менің, жалғызым!

Сен өстің туған жеріңде,
Сайрадың ана тіліңде,
Бойыңды зарлап бүкпедің
Заманның қиын кезінде.

Талабым ұшты далаға
Бір қиял құсты алуға.
Беймаза қайран өмірім
Садаға болсын Аллаға.

Басымды ием қай тауға?
Мән болар қандай парыздық?
Сен кеттің енді қайтпауға,
Қоршады мені жалғыздық.

Есімде сені сақтаймын,
Ешкімге сені сатпаймын.
Мәнгілік қайғы — қуаныш –
Жоқтаумен оны жақтаймын.

22.08.2008 ж.