Екi ыдысты сүйiп өтем шыныдан
Тек соларға, тек соларға құнығам
Бiрiншiсi әбден толы сияға
Екiншiсi шарап толы қияда
Бiрiншiнiң көмегiмен данамын
Екiншiсi тудырады жан әнiн
…
Заман ауды таусылғандай мазмұны
Менен өзге бұл заманға мәз бүгiн
Үйкүшiкпiн сақтанумен дақпырттан
Менi қорлар тек шараптың аздығы
Күндидарлы шараппенен қалықтап
Бөленемiн тәңiруи шабытқа
Әрбiр кесе — менiң түнгi қонағым
Таусылмайтын әңгiменi ағытқан
Ол сұхбатта тазарады бұл заман
Құл iшiнде таққа отырған құл жаман
Шабытымның қиясына жеткенде
Буырқанған өлеңiмдi бұлдаман
Қазақшалаған Ә. Қодар