Журнал "ТАМЫР", №41, январь-июль 2015

Әл-ФАРАБИ өлеңдерiнен. Қазақшалаған Ә. Қодар.

Екi ыдысты сүйiп өтем шыныдан
Тек соларға, тек соларға құнығам
Бiрiншiсi әбден толы сияға
Екiншiсi шарап толы қияда
Бiрiншiнiң көмегiмен данамын
Екiншiсi тудырады жан әнiн
…

Заман ауды таусылғандай мазмұны
Менен өзге бұл заманға мәз бүгiн
Үйкүшiкпiн сақтанумен дақпырттан
Менi қорлар тек шараптың аздығы

Күндидарлы шараппенен қалықтап
Бөленемiн тәңiруи шабытқа
Әрбiр кесе – менiң түнгi қонағым
Таусылмайтын әңгiменi ағытқан

Ол сұхбатта тазарады бұл заман
Құл iшiнде таққа отырған құл жаман
Шабытымның қиясына жеткенде
Буырқанған өлеңiмдi бұлдаман

Қазақшалаған Ә. Қодар