Ерлі зайыпты ақындар Сергей және Татьна Дзюбалардың кітаптары бір мұқаба астында шықса да, әр басқа.Бұл авторлар бірнеше онжылдықтар бойы бірге шығады, өйткені, олар өздерінің поэзияларын әлемдік тілдерге және өзге ұлттық тілдерге аудару жобасына қатысуда. Бұл өздері ойлап тапқан жоба сондай сәтті боп шығып, олар осы уақытқа дейін бұл мәселеде бірінші орында тұр. Номадтардағы бұл конфигурацияны француз философы Жиль Делёз 1+1 деп атаған және тек осындай көбейтілімдерде ғана өзіңнің жекетұлғалық ерекшеліктеріңді сақтап қалуға болады деп есептеген. Іс жүзінде, олар тек кітап шығарған кезде ғана бірігеді, ал былайынша, әркім өз тірлігімен айналысуда. 2014 жылы олардың қазақ және орыс тіліндегі «Махаббаттың соңғы көші» деген өлеңдер жинағы шықты. Украин ақындарын қазақ тіліне өзім тәржімәлаған едім.
Сонымен, олар арасындағы айырмашылықтар қандай? Меніңше, егер Сергейде жалпы адамзаттық бастау басым болса, Татьянада ұлттық сарын басым,алайда, кейбір қосымшалармен. Бұлар 90-шы жылдары біраз есейіп қалған буын, соған қарамастан, олар аспаннан түскендей болған өзгерістерді, яғни, Қайта Құруды, Одақтың күйреуін, суверенитеттер салтанатын, жабайы болса да, әйтеуір, нарық, енді өз қалағаныңды оқуға және көруге болатын болды. Әсіресе осы соңғы жағдай, немесе жаһандану рухы, сезіну көкжиегін шексіз кеңейтті, және осы рух Татьянада да, Сергейде де бар.
Беймаманның балладасы деген өлеңінде Сергей былай жазады:
Философ жаны – музыка сынды адал және қол жеткізгісіз.
Мен Тәңіріні сүйемін және оның бар екенін сеземін.
Тіпті, шектен тыс толған троллейбуста да.
Және сондықтан шіркеуге сирек барамын.
Әсіресе, мейрамдарда. Өйткені онда – бос былық.
Сезесіз бе, мұнда философқа табыну да, Құдайды алдын ала сезіну де, және осы ұғымның құнын төмендететіндермен ішкі келіспеушілік те бар. Және осының бәрін мен 90-шы жылдар интеллигенциясының басымдықтары дер едім!
Көзім күздей, шекемді де қар басқан,
Бірақ әлі жазды аңсайм серідей
Сізді сүйю күнә дейді, сүймеу ше,
Сүйгесін де сүйю керек перідей.
Аяулы күз, күнәһарлау бұл пенде
Өтіріктен қартайғандай болады.
Тек ғарышқа мәңгі жастық жарасқан
Жұлдыз сыры және басқа мол ағын.
Ал мұнда автор күнә ұғымын қайта қарастыруда. Әдетте, күнә дегеніміз нәпсіқұмарлыққа берілу, ал автор бойынша, күнә – ғашық болуға тұратын сұлуға ғашық болмау және осы махаббатыңда аса дарынды болуға тиіссің, болмаса ол күнә болады! Және бұл әлгі бір абстрактты күнә емес, ажалды пенде өз-өзің алдындағы күнә. Өйткені, Ғарышпен салыстырғанда, адам өмірі – бір сәт қана! Бұл туралы келесі шумақта өте айқын айтылған. Мен үшін мұнда, егер философиялық тұрғыда алсақ, Фрейд, Жорж Батайдан басталып, Жан Бодрийярға созылған зор түзілім құралады. Кеңес уақытында мұндай нәрсе де мүмкін емес еді.
Татьяна Дзюба да сол жаһандану арқылы кеңейтілген сезінудің жемісі. Бірақ егер бұрын, 60-70-ші жылдары бұған наркотиктер арқылы жетуге тырысса, жаһандану заманында – интернет және жоғарғы ақпараттық технологиялар арқылы. Татьянада да солай, оның шығармашылығы түрлі тақырыптарға толы! Мысалы, космологияда – өте айқын берілген демиургия, онда әйел мен теңіз жарату және құбылу қасиеттерінде бір бірімен тең, және жер тірлігінің ұйытқысы; дінде – алғашқықауымдық жын-перілерді көкейде тұту, сонымен бірге, Иисусты да. Сондай-ақ, Татьянада батыс католицизміне табыну да айқын. Ал қазіргі заман тақырыбы, ауланы суреттеуден бастап, бүкіл жинаққа тән. Енді махаббат тақырыбына келсек, ол айқайсыз, шусыз, көзді қарықтырмайтындай ғып берілген. Және күзге деген мінәжәт басым, махаббатын да автор осындай күзгі халге орайды. Екі авторда қазір күзгі жас ахуалында, немесе олардың өмір күні батуға жақын. Бұл содан болар. Сонымен бірге, кітаптың «Махаббаттың соңғы көші» деп аталуы да осыдан болар. Қалай болғанда да, енді оларға өмірлерінің үшінші кезегін мағына мен мәнге толтыру керек және, әрине, махаббатқа – осы сөздің түрлі мағынасындағы. Енді осы жмнақпен таныстыру мақсатында, украин ақындарының бір топ өлеңдерін ұсынамыз
Сергей Дзюба
Мыстан және еліру жөніндегі баллада
Бәрі жат боп, бәрібір боп тұрғанда,
Шыбын өзі зеріккенде есінеп.
Панна келді, мені құдай ұрғандай,
Сыпырғымен ұшып келіп көсіле.
Терезеден кірді дағы, секірді
Ырылдаған тоңазытқыш үстіне.
Маған бірден үйренгендей секілді
«Мыстан қалай, бір көргенге күшті ме?»
Ал мен болсам тамақ шайнап үйіндей,
Тіл қатуға болмай қойды жолым да.
Тыржалаңаш әйел отыр үйімде
Жалғыз ғана сыпырғысы қолында.
Ханша сынды жүріп өтті кілеммен,
«Сен қорықпа, тимес саған салқыным,
Су жоқ бізде, содан қатып сілемнен,
Жуынуға келіп едім, жарқыным».
…Шыбын ұйықтап, арманға көмілді көп,
Көрші де енді әйелімен тып-тыныш,
Екі сағат бойы панна шомылды кеп,
Әйелімнің үйде жоғы қыпты күш…
Шыққан бойы жылап берді: «Қағып нұр,
Жылаймын мен сыпырғымды құшақтап,
Ыстық су да, жылы су да ағып тұр ,
Әйел деген атағымды үш ақтап.
Бәріне айтам; «Оған мін де аса сын,
Мұндай еркек тек тереңде тұнады!»
Мен ойладым: «Украина жасасын!
Бір әйелге мен де, әйтеуір ұнадым».
Татьяна Дзюба
Теңіз
(триптих)
I
Теңіз толқындарымен қайғы сүйреді. Алапат медузадай
Толқып жатты. Су стихиясының ғажап жұмысын бір қалыпқпа келтірген
Әкелінген майда таспен көмкерілген жағалауға жарақаттанып қабақ шытқан.
Қан сынды тірі және ащы теңіз тоыйынған масалар сынды
Қызылдау буйектарды толқынында тербетті.
Жаға бойы әйелдер әуедегі балық қабыршақтарымен сияқты
Люрекспен жарқырады. Пальмалардың жапырақтары арзан желпуіштер сияқты қағази дыбыспен сыбырласты. Және менің Туркияға жүзіп кеткен балыққа жаным ашыды. Сағыныш деген қасіретпен тең.
II
Теңіз адамдар ұғына алмайтын ақиқатты қайталап
Түрлі сарында шулап жатты. Жаңбыр кеңістікті сызықтап берді. Колониалдық тауарлар дүкенінің витриналары ұнағысы кеп мезі қылды.
Шатырлар мақтаныштан жарыла жаздады. Тек теңіз ғана өз қалпын сақтап аса қоқиланбады, оған бұл тіпті де қажет емес еді. Толқын басы авгурларға жауап ретінде ақжарқын жымиып жатты.
III
Айвазовский толқымалы теңіздің таңдаулы және бақытты
Дәріптеушісі еді
Су шегінеді. Көз әуе толқындарына құлаған самолет сынды
Судың тұңғиығына құлайды. Теңіз арасында жиырылады,
Бірақ үлкен толқын тудыра алмайды, толқын жағалаудан келеді.
Алаңсыз суға магниттенген шағалалар
Теңіздің дельфин сияқты момын және әз болғандарын еске алады.
«Теңіз толқыны» деген тіркес жаппай мағынасыздық,
Бұл түр түсте барлық бояулар.
* * *