Кенжебай Ахметов. Шырға алаңында

(драма)

Қ а т ы с у ш ы л а р :

1. Асылхан – ірі бизнесмен, 35-40 жас шамасында.
2. Фарида – әйелі, 25-28 жас шамасында, сұлу.
3. Раушан – күтуші қыз, 18-19 жас шамасында.
4. Салиха – Фариданың шешесі.
5. Индира – Асылханның нақсүйері, жасы шамалас, қарапайым, тартымды.
6. Пернеш – Салиханы күтуші әйел.
7. Есболат – Индираның әкесі, жоғары лауазымды қызметкер.
8. Досан – Фариданың ауылдағы құрдасы.

Көпшілік сахнасында –
салтанатқа арналған костюм, смокинг киген ер адамдар және
қымбат әшекейлермен сәнденген, мерекелік үлгіде киінген әйелдер.

Оқиға уақыты – қазіргі уақыт.

1-көрініс

Фариданың түсі:

Асылханның үйі.
Диванда Фарида киімшең күйі бүрісіп, ұйықтап жатыр.
Ресми салтанатқа баратындай сәнді киінген, сыртқы кейіптері маңғаз, әйел-еркегі аралас адамдар сахнаның әр бұрышынан шығып,
диванды қаумалай жақындайды.
Бұлар – Фариданың араласатын адамдары.
Ең соңынан Асылхан мен Салиха екі жақтан келіп,
әлгі адамдарға қосылады.
Қаумалаған топты жарып, алға шыққан Фариданың жүзінде
шарасыздық, әлдекімнен жәрдем күту бар.
Ол әлгі адамдардың әрқайсына қол соза ұмтылады.
Бірақ ешкім оған қол ұсынбайды.
Салиха шыр-пыры шыға, оның соңынан ілесе жүгіріп жүр.
Ақырында Фарида Асылханға жете бере,
кеудесінен біреу итеріп қалғандай кілт тоқтайды.
Әлдекімнен жәрдем күткендей әлденеге көз тіге қадалған Асылхан оған назар аудармастан, басқа бір жаққа қол соза, ұмсынып тұр.
Фарида артына бұрылады.
Өзіне қол соза үміттеніп тұрған Салиханы көреді. Оның ар жағында
өзге адамдар жан-жаққа қол соза, қарап тұр.
Қолтықтасқан ерлі-зайыптылардың өздері
қолдарын екі жаққа қарай созып, екі жаққа қарап қалған.
Ешкім біріне-бірі қол созбастан, мелшиіп қалған.
Олардың әрқайсына үңіле қарап өткен Фарида
жандәрмен Асылханға ұмтылады.
Жете бере, тағы да қалт тоқтайды. Қайта-қайта ұмтылады.
Бәрібір жақындай алмайды.
Бір кезде сахнадағы адамдар абыр-сабыр қозғалысқа көшіп,
Асылхан мен Салиханы екі жаққа ығыстыра,
біртіндеп Фаридадан алыстата береді.
Ышқына қол созған Фарида орнынан қозғала алмай,
шарасыз аласұрады.
Біртіндеп қараңғылық түседі.
Диванда бүрісіп ұйықтап жатқан Фарида шошына оянады.
Ештеңе түсінбей, жан-жағына жапақтай қарайды.
Басын сығымдай қысып, шайқап-шайқап жібереді.
Фарида.
Күнде осылай бола берсе, жынданатын шығармын, түбі!..
Орнынан тұрып, әрлі-берлі жүреді. Диванға қарайды.

Фарида.
Қисайған жерімде қалыппын ғой… (Өзін-өзі ақтағандай болып) Құрысыншы әрі, қолайсыз жатсаң, қайдағы-жайдағы түске кірмей қалушы ма еді?.. (Есінейді) Асылхан әлі келмеген екен ғой… Сағат неше болды екен? (Қол сағатына қарайды) Ой, әлі алты ма? Ерте екен ғой, екі-үш сағат болса да, дұрыстап ұйықтап алайын.
Кетеді.

2-көрініс

Асылханның үйі. Дәулетті.
Шығыс әуені ырғағында Фарида аласұра билеуде. Үстінде – алтын түстес киім. Биінде балыққа тән қимылдардың элементтері бар.
Бидің орта кезінде күтуші қыз Раушан шыға бере, кідіріп қалады. Қолында – фирмалық қорап.
Қызды би аяқталар тұста ғана аңдаған Фарида оған жақындай түседі де, көзге көрінбес қабырғаға соғылғандай қимылдар жасап, солықтай тоқтайды.
Раушан.
Керемет билейді екенсіз, тәте!

Продолжить чтение

Әуезхан Қодар. Хайдеггер мен Қорқыт

Неміс экзистенциализмінің ең ірі негізқалаушысы боп Мартин Хайдеггер (1889 — 1976) есепетеледі. Мартин Хайдеггер 1889 жылдың 26 қыркүйегінде Швабия өңіріндегі Мескирх деген жерде қарапайым қолөнершінің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі, Фридрих Хайдеггер бөшкі жасаушы болған және Әулие Мартин шіркеуінде шырақшы болған. Шешесі, Иоганна Кемпф, кішкентай ғана жері бар шаруалар отбасынан болған. Олардың баласының оқуына төлейтін қаржысы жоқ еді, оқуға құмар болашақ философты шіркеу өкілдері оқытты.
Философтың шығармашылығында екі кезеңді айырықша атайды. Бірінші кезең 1927 жылы басталып, 30-шы жылдарға дейін созылды. Бұл кезде ол ең басты еңбегі «Болмыс пен уақытты» жазды. Осы еңбегімен ол бірден заманының алдыңғы қатарлы ойшылы боп шыға келді, Одан кейін «Кант және метафизика мәселелері», «Негіздің мәні жөнінде», «Метафизика дегеніміз не?» шығармаларын жариялады. Шығармашылығының екінші кезеңі 1935 жылдан басталып өмірінің ақырына дейін жалғасады. Екінші кезеңнің маңызды жұмыстары деп «Метафизикаға кіріспе», «Гельдерлин және поэзияның мәні», «Тілге жол түзеу», «Ницше» және өзгелерін атауға болады.
Бірінші кезеңінде Хайдеггер адамзат тірлігінің негізі ретіндегі болмыс туралы ілімнен тұратын тұтас дүниетаным құруға талпынды. Екінші кезеңінде ол Анаксимандр, Аристотел, Платон шығармаларынан бастап, Гельдерлин, Ницше, Рилькеге дейінгі философиялық идеяларды пайымдауға кіріседі. Сөйтіп ол философия тарихын философияның мәңгілік көкжиегіне айналдырады. Сонымен бірге осы кезеңде тіл мәселесі философ ойының басты тақырыбына айналады.

Продолжить чтение

12