Тілек Ырысбек. Өлеңдер

Іңір. Сплин.

(Экспромт)

Кешірем деп көңілімнен көктемді,
жапыраққа кеттім бояп көп өлең.
Күбірлейді, көлеңкелер үн түнсіз
көшіре алмай күнелтем.

Қызыл іңір кірпігенен үзілген
Мұңға айналған жәдігіөйлеу пішінмен
Кірпігімнен тастай салдым абайсыз
Сағынышты түскен құлап көзімнен.

Айықпас,
уақыттар жамырап ағады,
Бояуы секілді көңілсіз өмірдің.
Бір жұлдыз аспаннан мезгілсіз құлады.
Бір уыс түн болып төгілдің.

өмірдің өзіндей күрсінген
есіме өзімді түсірдің…
 

Жасыл элегия

Жасыл ауа жапыраққа құлады,
жапырақтар жапырақтар жылады.
қоңыр ойды уысынан тамызып
мұң сүйеніп сары түнде тұр әні.

Күмбір-күмбір күмбірлей түс киелі,
Көкжиектің ағылсын бір тиегі.
Таулар өлең оқымайды таусылып
Өйткені оның ақын емес жүрегі.

Бұлым-бұлым бұлтқа айналып қабірім,
Жұлдыздардың берем басып сарығын.
Топырақта жатқан шулап тамырым
топырақтан табам өмір жарығын.

Бұлым-бұлым бұлтқа айналып қабірім …

***

қауырсындарын бұлттарға малып,
Сәндуғаштардан сәлем жолдадым.
Мен саған тылсым әуен боп барам,
Пернесін басып роялдардың…

***

Жанарыңнан таптым қалай теңізді,
Тағыдырымды және сондай ең ізгі.
Ұжымаққа айналсыншы бар әлем
өтінемін аз ғана сен жымишы…

Табиғат элегиясы

(Экспромт)

күн құлап аспаннан, түн сырға тағады.
көкжиек жалбырап барқыт ай жылады.
көкбұйра шашының сәулесін жамылып
Аспаннан ақ бұлттар жамырап ағады.

қайыңдар ән салып теректер теңселер,
бір ұлы оркестр симфония сазына.
нимфалар -арфаның сезімін сипалар
табиғат өзі бір ғажайып музика.

көңілсіз ойлардың қуалып елесін.
Табиғат сұлу қыз бұлтитар кеудесін.
бір сәттік әсерді сидырған сезімге
О ұлы құдірет мен сені сүйемін.

Теңіздер маңдайын сүйгізіп бұғазға,
Перілер жап-жасыл медзуа жамылар.
Әйнектің бетінен мәнсіздік тайғанап
Көлеңке көзіне топырақ көмілер…

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *